Тәртіп пен әділет – спорт пен қоғамның ортақ құндылығы

Мен жас спортшы ретінде спорттағы, соның ішінде бокстағы басты қағидалардың бірі – тәртіп деп есептеймін. Тәртіпсіз жетістік болмайды, ал әділдіксіз спорттың да, қоғамның да дамуы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы заманауи талаптарға толық жауап береді.
Жаңа Конституция жобасында адамның құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқындалған. Бұл – әрбір азаматтың өз мүмкіндігін еркін жүзеге асыруына, заң алдында өзін қорғалған сезінуіне берік негіз. Сонымен қатар азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтық қорғалу деңгейінің күшейтілуі қоғамдағы тұрақтылықты арттырады.
Құжатта әділеттілік, заңдылық және қоғамдық келісім сияқты негізгі құндылықтардың орнықты дамудың іргетасы ретінде бекітілуі ерекше маңызға ие. Бұл қағидалар спорттағы адал бәсеке мен өмірдегі жауапкершілік ұстанымдарымен үндеседі деп санаймын.
Мен үшін жаңа Конституция – тек заңдық құжат қана емес, тәртіпке, әділдікке және ортақ жауапкершілікке негізделген болашаққа бағытталған маңызды қадам.
Темірлан Мұқатаев,
боксшы, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы,
Азияның 4 дүркін чемпионы,
Дүниежүзілік гимназия ойындарының күміс жүлдегері



