Ел тынысыЕлорда тынысыСаясат

Елордалық спорт өкілдері жаңа Конституция жобасын талқылады

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит басқармаға қарасты мекеме басшылары мен қызметкерлерімен арнайы жиын өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен реформалар жан-жақты түсіндірілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Басқарма басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаның елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Ол жаңа Конституция жобасының қоғам сұранысын ескере отырып әзірленгенін, алдағы жалпыұлттық референдум әрбір азаматқа саналы түрде шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін айтты.

Василий Левит сөзінде: «Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат емес, бұл болашақ ұрпаққа қалдырылатын саяси әрі рухани мұра. Әр азамат бұл бастамаға бейжай қарамай, саналы таңдау жасауға тиіс», – деп атап өтті.

Кездесу соңында басқарма басшысы жаңа Конституция жобасымен және оның негізгі ережелерімен толық танысудың маңыздылығын баса айтты. Мекеме басшыларына өздері басқаратын мекемелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізу және спорт саласының мамандарына ақпараттандыру қажеттігі ескертілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button