Мәслихат

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Елордадағы коммуналдық және білім беру нысандарында өткізілген екі көшпелі кеңестен кейін бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Отырыс барысында ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың қызмет тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ иесіз инженерлік желілер мен нысандарды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Салалық басқармалардың басшылары өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар, қазіргі жағдай және өзге де өзекті мәселелер туралы есеп берді. Мемлекеттік активтер мен сатып алу ісін басқару, экономика және бюджеттік жоспарлау, құрылыс, энергетика, коммуналдық шаруашылық, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша есептер тыңдалды.

Бюджет қаражатын тиімді пайдалану, жобаларды іске асыру мерзімінің сақталуы және иесіз инженерлік желілерді есепке алу мен оларды шаруашылық айналымға жүйелі түрде тарту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар жекешелендіруге жататын кәсіпорындар мен мүліктік кешендердің тізбесі қаралды. Оған қонақ үй бизнесі, мамандандырылған қызмет көрсету, спорттық-сауықтыру инфрақұрылымы, автотұрақ шаруашылығы салаларындағы нысандар, сондай-ақ өндіріс, энергетика, жылумен жабдықтау және электр желілері кешенінде қызмет атқаратын кәсіпорындар енгізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша басым міндеттер айқындалып, қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button