Құқық

Мектепте имитациялық сот өтті

Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында оқушылардың қатысуымен оқу-имитациялық сот отырысы ұйымдастырылды. Іс-шара Өтеген Сейітов атындағы «Болашақ прокурорлар» клубының пилоттық жобасы аясында өтті.

Оқу форматындағы сот отырысының негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ сот процесі мен заңдық жауапкершіліктің негіздерімен тәжірибелік тұрғыда таныстыру болды.
Имитациялық сот отырысы нақты сот тәжірибесіне барынша жақын форматта, оқу инсценировкасы түрінде өткізілді. Арнайы әзірленген сценарийге сәйкес, білім беру ұйымының аумағына газ тапаншасын алып кіргені үшін айып тағылған оқушыға қатысты шартты қылмыстық іс қаралды.

«Сот процесіндегі қорғаушы, айыпталушы және өзге де қатысушылардың рөлдерін мектеп оқушылары өздері орындады. Бұл формат оқушыларға сот және құқық қорғау органдарының қызметімен тәжірибе жүзінде танысуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және сот пен құқық қорғау органдарының жұмысын тереңірек түсінуге ықпал етеді», деді Астана қаласы Сарайшық ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Серікұлы Асқаров.

Шапағат ӘБДІР

фото: Сұлтан СЕЙІТ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button