Елорда тынысы

Астанада Дэвис кубогының іріктеу матчтары өтеді

6-7 ақпан күндері Астанада теннистен Дэвис кубогы іріктеу кезеңінің матчтары өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстанның ерлер құрамасы бірінші әлемдік топ аясында элитадағы орнын сақтау үшін Монако құрамасымен кездеседі.

Өз алаңында өтетін матчтарға Қазақстан құрамасы барынша мықты құраммен шығады. Бапкерлер штабы барлық көшбасшы ойыншыларды сапқа қосты. Елордалық кортта Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Денис Евсеев өнер көрсетеді.

Матчтар Beeline Arena ұлттық теннис орталығының жабық хард кортында өтеді. Турнир бағдарламасына төрт жекелей матч және бір жұптық кездесу енгізілген.

Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасы Davis Cup Nations Ranking рейтингінде 31-орында тұр. Ал Монако құрамасы 44-сатыда орналасқан.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button