Құқық

Сотталғандардың құқығын қорғады

Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

    Тексеру барысында еңбекақының уақтылы төленбеуі, сотталғандармен жеке еңбек шарттарының дұрыс жасалмауы, сондай-ақ жұмысқа тартылған сотталғандарды еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақыты нормасынан тыс (тәулігіне 12 сағаттан артық) пайдалану деректері анықталды.

Қадағалау актісі бойынша 13 сотталғанға Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес үстеме жұмыс уақыты үшін еңбекақы төленді.

Еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сотталғандардың құқықтарын сақтауға бағытталған қадағалау іс-шаралары жалғасуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button