Үкімет шағын бизнес үшін салық есептілігін автоматты түрде толтыруды қамтамасыз етеді

Бизнесті шығыстарды шегеруге тыйым салу мәселесі алаңдатып отыр: Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, шағын бизнес үшін салық есептілігін автоматты түрде толтыруды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, салықтық әкімшілендірудің сервистік моделін енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Аталған санаттағы кәсіпкерлер өз кәсібінің болашағына алаңдамауы тиіс.
Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендірудің сервистік моделін енгізіп, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы оларды қолдап отыруы қажет.
Сонымен қатар Ұлттық банкпен бірлесіп, шағын бизнес үшін салық есептілігін автоматты түрде толтыруды жедел түрде қамтамасыз етсін»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.



