Білім
Оқушылар рекорд жасады

Астаналық оқушылар Италияның Рим қаласында өткен халықаралық олимпиадада рекорд жасады.
Fibonacci International Robot Olympiad дүниежүзілік финалына 18 елден жиналған 623 команда қатысып, логика, инженерия және шығармашылық қабілет бойынша үздіктерді анықтады. 36 жүлде жиынтығы сарапқа салынған әлемдік додада Қазақстан командалары айқын басымдық көрсетіп, жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Бұл – еліміздің робототехника тарихындағы ең жарқын жетістіктердің бірі. Ең жоғарғы көрсеткіш — Қазақстан иеленген 19 алтын медальдің 17-сін астаналық оқушылар қанжығасына байлады.



