Қоғам

«Шабыт»: өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

«Шабыт» XXVIII халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне өтінім қабылдау мерзімі 10 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дарынды жастарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Шабыт» XXVIII Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі 2025 жылғы 18-22 қараша аралығында Астана қаласында өтеді.

«Шабыт» – Қазақстандағы ең ірі мәдени фестивальдердің бірі. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әртістердің, суретшілер мен ақындардың басын қосатын беделді шығармашылық алаң ретінде танылған.

Фестивальдің мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттау, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.

Қатысу шарттары: Фестивальге 18-35 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады. Олардың қатарында өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары бар.

Әр қатысушы тек бір номинация бойынша ғана өтінім бере алады.

Номинациялар: • Камералық хор. Хор дирижері; • Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік; • Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано); • Фольклорлық ансамбль (2–5 қатысушы); • Эстрадалық вокал (дуэт, трио); • Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика); • Поэзия (үздік әдеби шығарма); • Креативті бағыт.

Фестиваль жеңімпаздарына арнайы марапаттар мен дипломдар табысталады.

Толық ақпарат және қатысуға өтінім беру туралы мәліметтер shabyt2025.kz ресми сайтында жарияланған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button