
2025/2026 жаңа астық маусымы қарсаңында Қостанай облысындағы жетекші агроқұрылымдардың бірінің егіс алқаптарында халықаралық «Астық 2025» астық конференциясы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған шара алғаш рет бір алаңда астық, бұршақ және майлы дақылдарды өсіруге маманданған 500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өткізу саласындағы кәсіпорындарды біріктіреді.
Конференция 31 шілде – 1 тамыз аралығында өтетін «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-демонстрациясы аясында, «Восток-1» ЖШС және «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алқаптарында ұйымдастырылады.
Қатысушылар қатарында Қазақстан мен шетелдің жетекші агроөндірушілері, сондай-ақ Өзбекстанның «Узёгмойсаноат» май-тоңмай өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері болады.9814:06