Ел тынысы

«Мерейлі отбасы – 2025» жеңімпаздары марапатталады

Елорда күні мерекесі аясында Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шара 8 шілдеде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау рәсімі 8 шілде күні сағат 19:00-де басталады. Салтанатты шара аясында концерттік бағдарлама қойылады.

Биыл елордада тұратын 19 үздік отбасыға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табысталады.

Еске сала кетейік, «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қорытынды марапаттау рәсіміне дайындық аясында елордада қалалық және аудандық комиссиялардың отырыстары өтті. Сол отырыстарда ең белсенді және үлгілі отбасылар іріктелді.

Нәтижесінде Астананың жеңімпаздары, елорданың алты ауданының үздік отбасылары және түрлі аталымдар бойынша 12 лауреат анықталды.

Биыл байқауға қатысуға рекордтық көрсеткіште өтінім түсті – елорданың 255 талантты әрі лайықты отбасы өз дәстүрлері, салт-дәстүрлері мен жетістіктерімен бөлісті.

«Мерейлі отбасы – 2025» байқауы – бұл тек жарыс қана емес, отбасы бірлігін, ұлттық дәстүрді ұлықтайтын рухани мереке. Ол қоғамға әрбір отбасының ерекше екенін көрсетіп, жас ұрпаққа өнеге боларлық үлгі ұсынады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button