Ел тынысы

«Әскери керней» XI әскери-музыкалық фестивалі өтеді

Астана қаласында 5-6 шілде күндері елорда күніне орай Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының ұйымдастыруымен «Әскери керней» атты XI әскери-музыкалық фестиваль өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Фестивальдің мақсаты – әскери-музыкалық өнерді дамыту және насихаттау, әскери қызметтің беделін арттыру, жастардың патриоттық тәрбиесіне ықпал ету, күштік құрылымдар мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайту.

Фестивальге елдің күштік құрылымдарының үздік әскери-музыкалық ұжымдары қатысады: Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі, Үлгілі-көрсетімді оркестрі мен Құрмет қарауылы ротасы; Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі; Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Орталық ансамблі; Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі, Орталық ансамблі және «Жас сарбаз» балалар студиясының би ұжымы.

Фестиваль – елорда тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер қалдыратын маңызды мәдени оқиға. Шара әскери, классикалық, халық және эстрадалық музыканы үйлесімді біріктіріп, елдің музыкалық дәстүрлерінің байлығын және әскери ұжымдардың жоғары кәсіби шеберлігін көрсетеді. Фестиваль аясында әскери оркестрлердің саптық дефилесі мен плац-концерттері, қарумен жасалған әскери қызметшілердің көріністері, сондай-ақ әскери ансамбльдердің концерттік және хореографиялық қойылымдары ұсынылады.

Фестиваль аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:
5 шілде күні сағат 18.00-де қаланың саябақтарында ұжымдардың өнер көрсетуі өтеді («Жерұйық», «Ғашықтар» және «Жетісу» саябақтары).
6 шілде күні сағат 16.30-да «Қазақ елі» алаңында Гала-концерт өтеді, ол фестивальдің шарықтау шегі болады. Кіру тегін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button