Ел тынысы

Ұлттық ұлан Астана күніне орай музыкалық тарту әзірлеуде

Астана күні қарсаңында елордада дәстүрлі «Әскери керней» атты XI әскери-музыкалық фестивалі өтеді. Іс-шара 2025 жылғы 5–6 шілде күндері қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, еліміздің күштік құрылымдарының үздік шығармашылық ұжымдарын біріктірмек, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мерекелік бағдарлама 5 шілдеде басталады:

сағат 17:00-де «Ғашықтар» саябағында;

сағат 18:00-де Есілдің өзен трамвайында өтетін музыкалық қойылыммен (фестивальдің ерекшелігі ретінде);

сағат 18:00-де «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында жалғасады.

Мерекелік шаралар 6 шілдеде де жалғасады. Фестивальдің басты оқиғасы – сағат 16:30-да «Қазақ елі» алаңында өтетін Гала-концерт болмақ.🔥

Биыл елорданың сахналық және ашық алаңдарында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК Шекара қызметі және ІІМ Ұлттық ұланының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.🎼

Фестивальдің басты қатысушыларының бірі – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілі-көрсетімді оркестрі. Оркестр кәсіби шеберлігімен және мазмұнды музыкалық бағдарламасымен көрерменнің ықыласына бөленіп келеді. Тек биылдың өзінде Ұлттық ұлан оркестрлері ел бойынша 5000-нан астам алаңда өнер көрсетті.🎼

Айта кетейік, «Әскери керней» фестивалі әскери-музыкалық өнерді насихаттауға, әскер мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button