Қоғам
Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирі неге Қазақстанда өтеді?

Іріктеу процесі спортшылардың немесе инфрақұрылымның болуымен ғана емес, сондай-ақ бұл елдегі қауіпсіздік, жалпы қалада жүру үшін қажетті инфрақұрылымның болуы сияқты факторлармен де байланысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Біздің қала осындай іс-шараларды өткізуге бейімделуі керек. Бізде осы талаптардың бәріне сай болып шықтық», – деді Қазақстан бочча федерациясының вице-президенті Назым Жанғазинова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Әзербайжан, Ұлыбритания, Ирак, Иран, Италия, Кипр, БАӘ, Сауд Арабиясы, Сингапур, Өзбекстан спортшылары қатысатынын растады.
Алдағы уақытта Астанада өтеін челленджерде 10 спортшыдан тұратын құрама ұсынылады, олардың көбінің халықаралық тәжірибесі бар. BC3 класындағы спортшылар ерекше категорияға ие – бұл моторикасы қатты бұзылған балалар. Олар арнайы рампаны пайдаланады және спорттық көмекшілердің қолдауымен өнер көрсетеді.
«Біздің спортшылар жеке, командалық және жұптық жарыстарда өнер көрсетеді. Баршаңызды оларды қолдауға шақырамын», – деді Қазақстан бочча федерациясының спорт директоры Дияр Сеитов.