Дәрігерлер тапшылығы 20 пайыз қысқарды

Медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылдық елді мекендергетарту және бекіту үшін мемлекеттік қолдау шараларыныңкешені іске асырылуда:
* әлеуметтік кепілдіктер беру;
* тұрғын үй жағдайын жақсарту;
* материалдық ынталандыру.
2024 жылы Мемлекет басшысы медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл мамандыққа деген сенімділікті арттырудың және оның беделін арттырудың негізгі қадамы болды.
Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысыбойынша дәрігерлердің тапшылығы 3 986 бірлікті құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20% аз. Орташа медициналық персонал бойынша тапшылық 4 230, 75 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7%-ғатөмендеді.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлықведомстволық мекемелерді қоса алғанда, ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау жүйесінде шамамен275 мың медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде:
* 83 мыңнан астам дәрігер;
* 191 мыңға жуық орта медициналық маман.
Бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша:
«Соңғы үш жылда біз медицина кадрлары санының өсуібойынша тұрақты оң динамиканы байқап отырмыз: дәрігерлер саны 2%-ға, ал орта медицина қызметкерлері 0,5%-өсті. Бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық кадрлармен қамтамасыз ету ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерінен асып түседі, бұл іске асырылып жатқан кадр саясатының тиімділігін растайды»
Заңның негізгі ережелері және іске асырылатын шаралар:
*2024 жылдың қазан айынан бастап 186 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтыған кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесі енгізілді.
* Ауылға 5 жыл және одан да көп мерзімге жұмысқашығатын тапшы мамандықтардың дәрігерлеріне 100 ЕТЖ (8,5 млн теңге) мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді. Қазірдің өзінде 254 дәрігер жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеденастам төлем алды.
Денсаулық сақтау министрлігі кадрлық әлеуетті нығайтуға, медицина қызметкерлерін қорғауға және бүкіл денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамытуға бағытталған кешенді реформаларды іске асыруды жалғастырады.