Қоғам

Кәсіподақ – еңбек ұжымының мүдделерін қорғауда

Белсенді ұзақ өмір сұру орталығының ұжымы «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахытжан Тәжібаймен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысында кәсіподақ мүшелері Бахытжан Арынұлына еңбек даулары, еңбек демалысы кезінде сауыттыру, материалдық көмек және т.б. көкейкесті әлеуметтік мәселелерге тоқталды.

Өз кезегінде кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Бахытжан Тәжібай кәсіподақтың құрылымына, мүшелік кәсіподақ жарналарының жұмсалу, ұжымдық келіссөздерді жүргізу, кәсіподақ мүшелерін қолдау мен оларға құқықтық көмек беру мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.
Бүгінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұжымының 90 % кәсіподаққа мүше болып отыр.

«Кәсіподақ ұйымының негізгі жұмысы – еңбек адамының құқын қорғау деп есептеймін. Бұндай қоғамдық институттың еңбек ұжымдары үшін маңыздылығы зор. Бүгінде Орталықтың 100-ге жуық қызметкері кәсіподақ ұйымына мүше болып отыр, оның ішінде 9 адам кәсіподақ белсенділері болып табылады. Қазіргі уақытта балаларды қолдау, сауықтыру, қайырымдылық және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған әр түрлі шараларды қолға алып отырмыз» – деді кәсіподақ белсендісі, әрі кадр қызметкері Нұргүл Ерзахқызы.

Кәсіподақ белсенділерінің айтуы бойынша биыл Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, олардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау және Қытай еліне тәжірибе алмасуға баруды ұйымдастыру басты назарда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button