Елорда тынысы

Қолөнершілердің керуен көші

Бас қалада ұлттық құндылықтар мен креативті индустрияны ұштастырған ерекше жоба – «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» өтті.

Жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Хас шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығы ұйым­дастырды. Оның басты мақсаты – дәстүрлі қазақ қолөнерін заманауи форматта қайта жаңғыртып, этнодизайнды дамыту және шығармашылық индустрияны қолдау.

Іс-шара аясында этно-өнер көрмесі, жәрмеңке, сән көрсетілімі, шеберлік сыныптары мен жастарға арналған дәрістер ұйымдастырылды. Келушілер ұлттық нақышта жасалған эксклюзивті бұйымдарды сатып алып қана қоймай, отандық дизайнерлер ұсынған заманауи этнокиім үлгілерін тамашалады.

15-ке жуық шебер киім-кешек, аяқ киім, сөмке, зергерлік әшекейлер мен тұрмыстық бұйымдарын ұсынды. Жұлдызай Бабасова өз қолымен тоқып жасаған кроссовки, мокасин, шлепки секілді ерекше аяқ киімдерін де көпшілік назарына ұсынды. Тағы бір дизайнер – Әйгерім Үсина. Ол киізден ұлттық стильде сәндік бұйымдар мен киімдер жасайды. Айтуынша, қолөнер – шығармашылық пен рухани байланыстың ерекше түрі.

Жоба тек бір реттік шара емес. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, ол отандық өнімді тұтыну мәдениетін қалыптастыру, креативті жастар мен шеберлер арасындағы ынтымақтастықты күшейту және ұлттық мұраны қазіргі заман талабына сай жаңғырту міндеттерін көздейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды қолөнершілерге серпін беріп, отандық шығармашылық индустрияның дамуына жол ашады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button