Мәдениет

Конкурдан кім жеңімпаз?

Елордада 20-22 маусым күндері өткен еліміздің ат спорты күнтізбесіндегі маңызды жарыстардың бірі – конкурдан Қазақстан Республикасының кубогы аяқталды. 

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысынан 30-дан астам спортшы қатысып, 120-дан 145 см-ге дейінгі алты бағытта өз шеберліктерін көрсетті.

Үшкүндік жарыстың абсолютті жеңімпаздары:

B тобы: 1-орын – Бекжан Байжанұлы – Кинг Диаманд; 2-орын – Нұрила Тұрысбекова – Цендер де Реве; 3-орын – Жасұлан Байтаев – Кэшмэйкер және Малика Серік – Микадо.

А тобы: 1-орын – Нұрила Тұрысбекова – Кю Бель; 2-орын – Ислам Исламов – Скарто II.

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл кезең спортшылардың шеберлік деңгейін арттырып, мықтыларды анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, ұлттық құрамаға іріктеу кезеңдерінің маңызды бөлігі болып саналады.

Қазақстан кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңгені құрады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сабина Кәкімжан

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button