Заң сақталса, сапа артады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың бірінде саланың бірқатар заң талаптары бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Олардың қатарында қызметкерлердің жеке істеріндегі құжаттардың толық жинақталмауы, мемлекеттік қызметке кіру кезінде қабылданатын шектеулермен танысудың қамтамасыз етілмеуі, лауазымдық нұсқаулықтардың дұрыс рәсімделмеуі және сынақтан өту қағидаларының сақталмауы болды.
Аталған заң талаптарының бұзылуы мемлекеттік қызмет саласының жүйелі жұмысына кедергі келтіреді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін және мемлекеттік қызметке деген сенімділікті төмендетеді.
Саладағы заңдардың қатаң сақталуы мемлекеттік қызмет сапасын арттырады. Осы орайда, қалалық департамент жұмысы мемлекеттік қызмет заңнамасының сақталуын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталады.