Елорда тынысы

«Таза Қазақстан» акциясын қолдап, сенбілік өткізді

Астанада студенттер мен волонтерлар «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, сенбілік өткізді , деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында Астананың Байқоңыр ауданында 100-ден астам студент пен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері сенбілікке шықты.

Экологиялық шараға қатысушылар Пушкин көшесі бойындағы арнаның маңын тазартты. Олар су жағалауын қоқыстан және құрғақ шөптен тазалап, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты. Сенбілікке волонтерлер, студенттер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында студенттер арасында ұйымдастырылған пластикалық бөтелке жинау байқауының қорытындылары жарияланды. Бас жүлдені Диляра Искакова жеңіп алды. Сонымен қатар, белсенділік танытқан тағы 20 қатысушыға экологиялық бастамаға қосқан үлесі үшін дәмханалар желісіне баруға арналған сертификаттар табысталды.

«Бұл – жай ғана сенбілік емес, бұл – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Мұндай іс-шаралар жауапты ұрпақ тәрбиелеуге және Қазақстанның таза әрі жасыл болашағына жол ашуға ықпал етеді», – деді ұйымдастырушылар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button