Қоғам

Достық үйінің мәртебелі меймандары

Достық үйі халықтық дипломатия тәжірибесін дамыта отырып, өз алаңында шетелдік делегацияларды, сондай-ақ қалалық мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдарын тұрақты түрде қабылдайды.

Достық үйінің қа­бырғасында Болгарияның вице-президенті Илияна Йотова, Нельсон Манделаның немересі, Тембикеле Мандела Ндилека қорының басшысы, Италия, Ресей Федерациясы, Армения, Ингушетия, Әзербайжан, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан парламенттерінің спикерлері мен депутаттары, Помор академия­сының (Польша) өкілі Дорота Сметана-Боловко, Башқұртстан Республикасының басшысы Р.Ф.Хабиров болды.

Өткен жылдың 6 тамызында Достық үйінде танымал поляк түркітанушысы, саясаттану магистрі Якуб Якусик болды. Кездесу барысында құрметті мейманға экскурсия ұйым­дастырылып, ҚХА қызметімен және ЭМБ жұмысымен танысты. Жылы және достық жағдайда өткен әңгімелесу барысында қатысушылар түркі мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға қатысты мәселелерді талқылады, сондай-ақ бірқатар өзекті тақырып бойынша пікір алмасты.

Үндістаннан келген қонақ­тар – Сунил Амбекар және Пунит Гаур Достық үйінде ерекше жылы шыраймен кездесу өтті. Дөңгелек үстел барысында кездесуге қатысу­шылар этносаралық келісім, халық дипломатиясының маңызы және тарихи жадының сақталуы мәселелерін талқылады. Мәселен, 200-ден астам этникалық топтан тұратын Үндістан ынтымақтастығы мүмкіндіктер тұрғысынан Қазақстан үшін елеулі қызығушылық тудырады.

Елорда күніне орай «Жер­ұйық» саябағында қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Біргеміз» би-музыкалық фестивалі өтті. Сәндік-қолданбалы өнер бұйым­дарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекелік кеште балалар арасында сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында елордалық ҚХА өкілдері №1, 2, 3 көпсалалы қалалық ауруханаларда жаңа туған нәрестелерге ҚХА логотипі бар домбыра тарту етті.

Жыл сайын аталып өтетін татар ұлттық мерекесі – «Са­бантой» өткен жылы татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына орайластырылды. Бұл күні бірлестіктің шығармашылық ұжымдары, соның ішінде «Дуслык» халық ансамблі, сондай-ақ Қазақстан мен Татарстан Республикасынан шақырылған әртістер өнер көрсетті.

2019 жылдан бастап қалалық Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубы жұмыс істейді. Клубтың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халқының сан ғасырлық бірлігін, ынтымағын, рухани келісімін сақтау және одан әрі жетілдіру. «Руханият» білім беру орталығының жоғары білікті оқытушысы Сағым Естемісова сабақты қызықты әрі пайдалы өткізудің түрлі әдісін қолданып, сол арқылы қатысушылардың мемлекеттік тілді оңай әрі тиімді меңгеруіне көмектесетінін айта кеткен жөн.

Бірліктің бесігі – елорданың Достық үйі ынтымақтастықтың үлкен алаңына айналып келеді.

 Айгүл УАЙС

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button