Қоғам

Жүгіру маусымының ашылуына қатысқандар тазалық акциясына атсалысты

Астанадағы Ботаникалық бақта жазғы жүгіру маусымының салтанатты ашылуына орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның соңында қатысушылар тазалық акциясына қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға 1200-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысты. Жүгіру – салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған және жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Жарыс жолының жалпы ұзақтығы 4 шақырымды құрады. Қатысушылар әсем табиғат аясында жүгіріп, жақсы көңіл-күйде демалыс өткізді.

Қалалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербайдың айтуынша, бастапқыда қатысушылар саны 1000 адаммен шектелмек болған. Алайда тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылық туындап, тіркеу лимиті асып түсті.

«Негізі қатысушылар саны 1000 адамға жеткен кезде тіркеу жабылатын болған, бірақ қатысушылардың саны лимиттен асып кетті. Дегенмен біз 200 қатысушыны қосымша тіркеуге мүмкіндік бердік», – дейді ол.

Жүгіру соңында барлық қатысушыға естелік медальдар табысталды. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған ұтыс ойындарында белсенділік танытқандарға бағалы сыйлықтар берілді.

Айта кетерлігі, іс-шара соңында қатысушылар Ботаникалық бақ аумағын қоқыстан тазартып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты. Бұл бастама тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын көрсетіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button