Ел тынысы

«Жерұйық» саябағында Республика күні атап өтілді

Астанада Республика күніне орай кең көлемді мерекелік концерт ұйымдастырылды. Елордалықтар мен қала қонақтары «Жерұйық» саябағында өткен концерттік бағдарламаға жиналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Концертке қазақстандық танымал әншілер мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Көрермендерге мерекелік көңіл – күй сыйлаған өнерпаздар қатарында Берік Ержанов, «Аруым» триосы, Мәди Сыздықов, Нұрлан Еспанов, Парасат Отан, Алтыншаш Мұқатаева, барабаншылар шоуы және Абай Бегей болды.

Мерекелік концертке жиналған тұрғындардың қарасы қалың болды. Ашық аспан астында өткен бұл шара көрерменге көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, бүгінгі күнді думанға бөледі. Концертті жүргізушілер Республика күнінің тарихи мәні мен оның еліміз үшін айрықша маңызын атап өтіп, елдік пен бірлікті дәріптеді.

Мерекелік кеште сахнада ұлттық және заманауи әндер шырқалып, көрермендер еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнін ерекше көңіл – күймен атап өтті. Мерекелік шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button