ӘлеуметБасты ақпарат

Жауқазын өмір жыламасын

Зорлықтың түр-түрі бар

Әлемде зорлық-зомбылық оқиғаларының таралуы және қатерлері алаңдатарлықтай. Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, әлемдегі әрбір бесінші әйел мен әрбір он үшінші ер адам балалық шағында (0-17 жас) жыныс­тық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Әлемдік мета-талдауларға сәйкес, жыныстық зорлық-зомбылықтан қыздардың шамамен 24 пайызы және ұлдардың 3%-17%-ы зардап шеккен. Стигматизацияға және балалардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ осындай жағдайлардың назардан тыс қалуына байланысты шынайы көрсеткіштер ресми деректерге қарағанда жоғары болуы да мүмкін.

Балалардағы зорлық-зомбылықтың негізгі төрт түрі бар. Олар  физикалық, жыныстық, эмоционалдық (психологиялық) және баланың қажеттіліктерін елемеу.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың ең көп таралған жалпы қауіпті факторлары:

— ата-аналар баланың тағамға, киімге, білімге, медициналық көмекке және т.б. негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын материалдық өмір сүру деңгейі төмен отбасылар;

— толық емес немесе жанжалды отбасылар. Отбасындағы ауыр, шиеленісті жағдай балаға деген көзқарасқа және онымен қарым-қатынас тәсілдеріне теріс әсер етеді;

— асырап алынған балалары бар отбасылар. Асырап алынған адамдарға баланың мінез-құлқының ерекшеліктері олар күткендей болмауы мүмкін және сондықтан асырап алушы ата-аналар тарапынан оған зорлық-зомбылық жасалуы мүмкін.

— қатыгез жазалар қолданылатын отбасыларда, әдетте, отбасылық рөлдер нашар бөлінеді (билік бір ата-анаға шоғырланған немесе хаотикалық түрде бөлінген).

Баланың жеке басына байланысты қауіп факторлары:

Гиперкинетикалық синдром (СДВГ), еркелетіп сүймейтін немесе «қалаусыз» бала, баланың физикалық және психикалық ауытқулары.

Барлық салдарларды біріктіретін нәрсе – олар баланың денсаулығына зиян келтіреді, медициналық, психологиялық, мінез-құлық, когнитивті, тұлғааралық көрсеткіштерде көрінеді және оның өміріне қауіп төндіреді.

Қатыгез бала қайдан шығады?

Балалардың зорлық-зомбылыққа байланысты жарақатқа жауап беру ерекшеліктері туралы да айтуға боалды.

Балалардың зорлық-зомбылыққа, жүрегіне алған жарақатына байланыс­ты реакциясы болады. Ол баланың жасына және даму деңгейіне байланысты. Баланың зорлық-зомбылыққа реакциясының күші көбінесе ата-аналардың мінез-құлқына және олардың осы жағдайға деген көзқарасына қарай ерекшеленеді.

Психикада жарақат қалдыратын қиын оқиғалар баланың жұмысының барлық салаларында көрінеді. Психологиялық жарақат алған балаларда қорқыныш, ұят, ашу, көңіл-күйдің төмендеуі түрінде тұрақты эмоционалдық бұзылулар болуы мүмкін, сонымен қатар олардың эмоцияларын реттеу қабілеті бұзылуы ықтимал.

Жарақаттан кейін балаларда депрессия, көңіл-күйдің төмендеуі болуы мүмкін, бұл – басқа адамдарға және жалпы әлемге деген сенімнің кенеттен жоғалуына реакциялар. Травматикалық оқиғаға байланысты әділетсіздік сезімі баланың ашу-ызасын тудыруы мүмкін.

Балалардағы жарақатқа тән мінез-­құлық реакциялары аулақ болу, агрессивтілік, өзін-өзі бұзатын мінез-­құлық және т.б. болуы мүмкін.

Жарақат алған балалар зорлық-зомбылықтан кейін наразылық немесе деструктивті мінез-құлықта ашуы мен ызасын білдіреді. Өзіне-өзі зиян келтіру (кесу, күйік, суицидтік әрекеттер) балалар жарақаттарымен тікелей байланысты.

Зорлық-зомбылықпен байланысты созылмалы психо-травматикалық жағдайда болудың салдары балалардың бейімделмеген мінез-құлықтарын игеруі болуы мүмкін, өйткені зорлау­шы күшке, ақшаға ие, отбасының өмірін басқарады, бәрі оған бағынады және т.б.

Ауыр салдары ізсіз кетпейді  

I кезең. Жарақаттан кейін бірден, әсіресе егер ол зорлық-зомбылық пен шабуыл сипатында болса, бала физикалық және эмоционалды көріністер түрінде алғашқы реакцияны дамытады, олар әсер ету сипаты мен ұзақтығына, баланың жасына және оның жеке ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі ауырлық дәрежесі мен көріністер спектріне ие болуы мүмкін.

II кезең. Бейімделу (аккомодация), оның барысында бала болып жатқан оқиғаны жеңуге көмектесетін дағдыларды дамытады.

Ол қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, физикалық және психикалық ауырсынуды азайтуға көмектесетін осындай әдістер мен мінез-құлықтарды дамытады, яғни ол психологиялық қорғанысты дамытады – копинг.

III кезең. Зорлық-зомбылықтың ұзақ мерзімді салдары – бұл баланың бірінші және екінші кезеңдерінің ерекшеліктерінен, жеке ерекшеліктерінен тұратын интегративті процесс.

Отбасындағы зорлық-зомбылық – баланың психологиялық дамуына терең және ұзақ мерзімді зиян келтіретін аса ауыр әлеуметтік мәселе. Мұндай жағдайда өскен балаларда қорқыныш, өзіне сенімсіздік, агрессия немесе тұйықтық сияқты жағымсыз психологиялық әсерлер қалыптасуы мүмкін. Сондықтан мұндай балаларға дер кезінде кәсіби психологиялық көмек көрсету – олардың болашағы үшін аса маңызды. Психологиялық қолдаудың басты мақсаты – баланың ішкі жан дүниесін қалпына келтіру, өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау және өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру. Бұл бағытта мемлекет пен қоғам, отбасы және білім беру мекемелері өзара тығыз әрекеттесіп, бала құқығы мен қауіпсіздігін қорғауда бірігіп жұмыс жасауы қажет.

Әрбір бала мейірімділікке, сүйіспеншілікке және қамқорлыққа лайық. Біз олардың қауіпсіз және бақытты ортада өсіп-жетілуіне мүмкіндік жасауымыз керек.

Бақыт ЕСЕНБАЕВА, 

Арнаулы әлеуметтік көмек қажет ететін балаларды қолдау орталығының педагогы

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button