Әлеумет

Жатақхана мәселесі шешіледі

Елордада қала әкімдігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп, студенттер жатақханаларын салуды жалғастыруда. Себебі қалада студенттер саны жыл сайын артып келеді.

Осыған байланысты небәрі 2 жыл бұрын Астанада студенттер жатақханасына деген сұраныс 7,5 мыңнан асып, нақты тапшылық қалыптасқан еді. Осы мәселені шешу үшін сол кезеңде бірқатар маңызды жоба қолға алынды. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің айтуынша, бүгінде сол бастамалар нәтижесін беріп, соңғы 2 жылда 7 мың орынға шақталған 8 жатақхана пайдалануға берілді. Ал биыл шамамен 2,5 мың орынға арналған жатақханалар салып, бұл мәселені толық жою көзделіп отыр.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button