Мәдениет

Жас қаламгерлер байқауы

Amanat партиясының Астана қалалық филиалы ұйымдас­тырған әдеби-шығармашылық байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Аталмыш байқаудың мақсаты – ұлттық болмысты, рухани құндылықтарды паш ететін, креативті идеяларға ие жас қаламгерлерге, отандық авторларға қолдау көрсету және шығармаларын насихаттау болды. Оған 20-45 жас аралығындағы жастар қатысып, үш аталым бойынша 39 шығарма ұсынылды. Қорытынды кешке қалалық мәслихат депутаттары, елорданың қаламгерлер қауымы қатысты.

Amanat партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек бастаған, құрамында белгілі ақын, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Назгүл Бердіқожа болған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

«Проза» аталымында үшінші орынды – Гүлжан Қанатқызы, екінші орынды – Ауғанбай Санақұлы, бірінші орынды Айдана Қайсарбекқызы иеленді. «Поэзия» аталымында үшінші орын Арманбек Жәкейханға, екінші орын әріптесіміз, «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Шапағат Әбдірге, бірінші орын Абзал Мақашқа бұйырды. «Балаларға арналған шығармалар» аталымында үшінші орынды – Құралай Омарова, екінші орынды – Ақерке Асан, бірінші орынды Ботагөз Мұхиден алды. Сондай-ақ арнайы жүлделер тағайындалды. Әнес Сарай атындағы арнайы жүлденің иесі Азамат Серіков болса, Әкім Тарази атындағы арнайы жүлде Бекзат Құлшарға берілді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button