Қоғам

Зейнеткерлер арасында әскери әндер челленджі өтті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Соғыста да ән шырқаған» атты әскери-патриоттық әндерді орындаудан челлендж өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған шараның басты мақсаты – әскери-патриоттық әндерді насихаттау және тарихи тұлғаларымыздың ерлігі мен өнегесіне құрмет көрсету. Ән челленджіне қатысқан әр ауданның өнер ұжымдары патриоттық әндер орындап, Отанға деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізді.

Челленджге қатысқан 150-ден астам зейнеткер жүрекжарды әндері арқылы майдангерлердің ерліктері мен сұрапыл соғыстың ауыртпалығын суреттей білді. Әсіресе, «Березка», «Атамекен», «Нұра әуендері», «Асыл мұра, «Гүлдер» ансамбльдері мен жеке орындаушылардың орындауындағы «Әлия», «Катюша», «Смуглянка», «Синий платочек» және т.б. әндер ерекеше әсерде қалдырды.

Зейнеткерлер тек патриоттық әндер ғана емес, соғыс жылдары майдан даласында туындаған шығармаларды да орындады. Оның ішінде жеңіс жауынгерлеріне, олардың туған жерге деген сағынышы мен ерліктері жайлы туындылар орындалды. Шара ұйымдастырушылары бұл күннің маңыздылығына ерекше тоқталып, бүгінгі ән челленджінің жас ұрпақты патриоттық сеніммен тәрбиелеуге және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Ұлы Жеңістің жемісіне құрметпен қарауды үйрететінін айтты. Әрбір қатысушының өнері көрерменнің көңілінен шығып, елдік рухты биік деңгейде көрсете білді. Өнерпаз зейнеткерлер майдангерлердің ерлігін әнге салып айтып, ерліктерін мәңгі есте сақтады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button