Әлеумет

Ұлық мейрамда не істеу керек?

Айт күні не істеу керек?

1. Айт намазына барыңыз
Таңда бүкіл мешітте айт намазы оқылады. Намаз уақыты әр қалада әртүрлі. Сондықтан
нақты кестені нақтылап алғаныңыз жөн. Айт намазын күн шыққан соң жамағатпен оқиды. Сүннет бойынша мешітке барарда құрма жеп шықсаңыз болады.

2. Пітір садақа беріңіз
Айт намазы басталмай жатып әр мұсылман міндетті түрде пітір садақа беруі керек. Мұндағы мақсат – мұқтаж адамдарға көмектесіп, олардың да осы мерекені қуанышты өткізуіне сеп болу. Пітір садақа мөлшерін жергілікті мұсылмандар діни басқармасы бекітеді. Елімізде биыл пітір садақасы адам басына 735 теңге болып белгіленді. Пітір садақа және садақаны Kaspi Bank, Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит, Alatau City Bank, Bereke Bank мобильді қосымшалары арқылы және Қазпошта арқылы аударуға болады. Жалпы алғанда, садақа мөлшері елімізде 2 келі ұнның орташа бағасына шағып
есептеледі. Пітірді құрма, мейіз бағасымен де беруге болады. Негізі, Рамазан басталғаннан бере беруге болады. Айттың бірінші күні берген уәжіп. Алайда айтқа
дейін берсеңіз, ол пітір садақа болып саналады.

3. Таза әрі сәнді киім киіп барыңыз
Айт намазына барарда алдымен толықтай жуынып, ғұсыл алған жөн. Одан соң иіссу сеуіп, таза киім киіп барыңыз. Бұл мерейлі мейрамға деген құрметті білдіреді.

4. Жақындарыңызды құттықтап, кіріп шығыңыз
Намаздан шыққан соң мұсылмандар бір-бірін құттықтап: «Ораза айт құтты болсын!»,
«Айттан айтқа жете берейік!» деп жылы сөз айтады. Туыстардың үйіне айттап барып, сәлем беріп шығады.

5. Дастарқан басында жиналыңыздар
Айтты мұсылман қауымы ерекше күтеді. Сондықтан отбасындағы дәстүр ретінде бұл
күні үйді де сәндеп, бар дәмдісін пісіріп, дастарқан жаяды. Біреу-міреу келіп қалар деп күтіп отырады. Өздері де ауыз тиюге басқалардың үйіне барады. Бауырсақ пісіріп, ет асады.

6. Айт күні не істеуге болмайды? 
Пітір садақаны ұмытып кетпеңіз. Отыз күн оразаңыздағы кеткен қателіктердің орнын басатын маңызды амал екенін ескеріңіз. Ашуланып, өсек сөз, ғайбат айтпаңыз. Ішімдік ішпеңіз. Үлкендер мен туыстардың көңілін қалдыруға болмайды. Бұл – жақындармен байланысты нығайтатын, татуластыратын мейрам. Ауыз бекітуге болмайды. Рамазанда
қаза қылған күндеріңізді айттан кейін бастап кетсеңіз болады. Бірақ дәл айт күні ауыз бекітуге тыйым салынған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button