Үш айда құрылыстың қарқыны 17 пайызға жуық артқан

Ұлттық статистика бюросы құрылыс саласындағы үш айлық көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
2025 жылдың қаңтар-наурызында құрылыс пен ғимарат жөндеу жұмыстарының көлемі 2024 жылдың алғашқы үш айына қарағанда қарқынды өскен. 2024 бірінші тоқсанында 11,6% болса, 2025 жылы 29,3% өсім көрсеткен. Оның ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% өсіп, 1 трлн 14,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл соманың 90 пайызы жеке құрылыс компанияларына тиесілі. Шетелдік құрылыс компанияларының үлесі 8,2% болса, мемлекеттік компаниялардың үлесі 1,8% болып отыр.
Өңірлер арасында Қызылорда облысында құрыс көлемі 62% артқан. Сондай-ақ, Қарағанды, (40,7%), Жетісу (39,1%), Түркістан (31%), Шығыс Қазақстан (26,6%), Солтүстік Қазақстан (26,2%), Ұлытау (23%), Абай (22,8%), Алматы (20,6%) облыстарында, Шымкент (25,5%) және Астана (25,3%) қалаларында айтарлықтай өсім тіркелген.
Айта кетелік мемлекет арнайы деректер банкінен құрылыс жобаларын еркін пайдалана алады.