«Тоқырауын толқындары» ансамбліне – 50 жыл!

Астана қаласындағы «Жастар сарайы» 2025 жылғы 30 қазан күні әйгілі «Тоқырауын толқындары» ән-би ансамблінің 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
1975 жылы Қарағанды облысының Тоқырауын өңірінде құрылған «Тоқырауын толқындары» ансамблі – қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан өнер ұжымы. Ансамбльдің репертуарында халық әндері, күй мұралары, термелер мен заманауи өңделген этно-фольклорлық шығармалар кең орын алған.
50 жылдық тарихында ансамбль Қазақстан мен шетел сахналарында өнер көрсетіп, ұлттық мәдениеттің жаршысы ретінде танылды. Ұжым мүшелері – еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, кәсіби музыка мамандары.
Мерейтойда ансамбльдің әр жылдардағы репертуарынан үздік шығармалар орындалады. Сондай-ақ, кеш қонақтары қатарында елімізге танымал өнер шеберлері мен ансамбльдің бұрынғы мүшелері де қатысады.
Бұл – дәстүр мен жаңашылдық үндескен, өткен мен бүгінді жалғайтын ерекше мәдени шара болмақ. Мерейтойлық іс-шараға кіру тегін.




