Ел тынысы
Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні пайда болды

Қазақстанда алғаш рет Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні атап өтіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Биылдан бастап Қазақстан күнтізбесіне жаңа кәсіби мереке – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні енгізілді. Ел экономикасы үшін аса маңызды бұл саланың мамандары төл мерекесін жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтеді.
Кемелер экипажының мүшелері, капитандар, штурмандар, механиктер, матростар, теңіз порттарының қызметкерлері, порт диспетчерлері және су көлігімен байланысты өзге де мамандар еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін, экономикасын және өңіраралық байланысты дамытуға елеулі үлес қосып келеді.