Елорда тынысы

Тапшылық болмаса баға өспейді

Елорда әкімдігі кәсіпкерлермен 25 мың тонна өніммен қамту туралы келісімге келді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Елімізде күз басында азық-түлік қоры жасақталып, бағаны тұрақтандыру, тапшылыққа жол бермеу мәселесі көтеріледі. Осы орайда Астанада азық-түлік қоры мен бағаны тұрақтандыру бағытында қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан сұраған едік.

Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандырудың екі тетігі бар:

1) тұрақтандыру қорын қалыптастыру;

2) кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру.

«Әкімдік «айналым тетігі» механизмі бойынша жұмыс істейді, яғни кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие беру. Несие беру – уақтылы қайтару, өнімдермен мерзімінде қамтамасыз ету ақылы шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 25 мың тоннадан астам өнімдер бойынша келісім шарт жасалды. Азық – түлік өнімдері елорданың сауда объектілерінде бекітілген бағада сатылып жатыр», — делінген агенттік жолдаған сауал жауабында.

Елорда әкімінің өкімімен азық-түлік бағасын белгілеу бойынша өңірлік комиссия құрылған.

«Осыған дейін комиссияның 77 отырысы өткізілді. Басқарма сауда департаментімен бірлесіп сауда үстемесінің сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп келеді. Оның барысында 306 делдалдық және сауда үстемесінен асып кету фактілері анықталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 4 144 270 мың теңгеге айыппұл салынды, қалған 280 факті бойынша ескерту жасалды», — дейді басқармадан.

Айта кетсек, азық-түлік қоры кәсіпкерлердің немесе жалдамалы қоймаларда сақталады.

«Бағаны негізсіз өсірмеу, сауда үстемесін асырмау, өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі баға тізбегін қарау үшін аптасына 2 рет баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық тізбелерді тергеу жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өткізіледі. Оның құрамында Ұлттық статистика бюросының департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, республикалық кәсіпкерлер палатасы, Техникалық реттеу және әдістеме комитетінің департаменті және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өкілдері бар. Бекітілген кестеге сәйкес комиссия сауда объектілеріне аптасына екі рет мониторинг жүргізеді. Бөлшек сауда объектілеріне жүргізілген мониторинг барысында тауар үстемесінің сақталмауы анықталған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру жұмыстары өтеді», — деп толықтырған ақпаратта.

Еске сала кетсек, елордада ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі 21 қыркүйекте (сенбі, жексенбі күндері) басталды, ол қазанның соңына дейін жалғасады. Жәрмеңкеге Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Абай, Алматы, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан,Жетісу, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды,Ұлытау және Ақмола облысының тауар өндірушілері қатысады.

 

Сурет: Kazinform

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button