«Таңдау өз қолыңда»: прокуратура мен полицияның студенттермен кездесуі

Елордада нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесімен күреске арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында айлық жалғасуда. Соның аясында IT-университетінде студенттермен кездесу өтті. Онда прокуратура мен полиция өкілдері есірткіні қолданудың кейінгі салдары туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жастарға есірткінің денсаулыққа және болашаққа тигізетін зиянды әсері ғана емес, сондай-ақ оны сақтау, қолдану және тарату үшін қарастырылған қатаң заңды жауапкершілік те еске салынды.
«Әр адам өз жолын таңдайды. Маңыздысы – ол жолдың даму мен табысқа, жарқын әрі салауатты болашаққа жеткізуі», — деді спикерлер.
Жиынға Астана қалалық ІІБ Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы; Есіл аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Әсем Қожахметова; Есіл аудандық прокуратурасының өкілі Арапов Алтынбек; және Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Төребеков қатысты.
Есірткіге қарсы айлықтың бір бөлігі болды: қала бойынша рейдтер, акциялар, лекциялар мен жастармен профилактикалық кездесулер өткізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар студенттерге салауатты өмір салтын таңдауға көмектеседі.