Uncategorized

Спортты дамыту мәселелері талқыланды

Елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен мектеп және студенттік спортты дамытуға арналған жиын өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесуге ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, Ұлттық Олимпиадалық комитет және 25 ұлттық спорт федерациясы өкілдері қатысты.

Орталықтың бас директоры Арман Ташметов:

«Дене шынықтыру — бұл жай ғана сабақ емес. Бұл — ұлт саулығына салынған инвестиция. Ертеңгі чемпиондарды тәрбиелеу — бүгінгі міндетіміз», — деді.

Талқыланған негізгі мәселелер:
🟢 Мектептегі дене тәрбиесін жүйелі қолдау
🟢 Жаттықтырушыларды даярлау
🟢 Инфрақұрылымды жаңғырту
🟢 Спорттық іс-шаралар күнтізбесін кеңейту
🔹 Қазір мектептерде 29 000-нан астам дене шынықтыру пәні мұғалімі жұмыс істейді
🔹 357 мыңға жуық бала волейболмен айналысады
🔹 UEFA Playmakers және Babby Tennis секілді жобалар іске асуда
🔹 Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері бірлесіп кадр тапшылығын шешуге күш салуда.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов Мемлекет басшысының Жолдауларында бұқаралық және балалар спортын дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтіп, бұл бағытта бірлесе жұмыс істеу қажеттігін жеткізді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button