Мәдениет

Саз өнерінің сайыпқыраны

Көрнекті композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай Астана қаласы әкімдігі «Руханият» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ғаламат» жобасының аясында орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Саз өнерінің сайыпқыраны» атты іс-шара өтті.

Мекемеде қазақ тілі курсы бойынша дәріс алып жатқан тыңдаушылар, мекеме және кітапхана қызметкерлері қатысқан іс-шарада шыр­қалған Кеңес Дүйсекеевтің «Қарағым-ай», «Сәлем саған, туған ел!», «Домбыра туралы баллада», «Ойлайсың ба?» сынды халық жүрегіне жеткен әуезді де сазды әндер көңілді бір серпілтті. Қазақ тілін оқып жатқан тыңдаушыларға мемлекеттік тілдің қадір-қасие­тін ұғындыру, отансүйгіштік қасиеттерді дамыту, қазақтың ән-күйі, жырлары арқылы, қазақ тілінің шұрайлы да бай тілдік қорымен молынан сусындата отырып, тілдік дағдыны қалыптастыру, олардың әдеби тілдік қорын байыту, ана тіліміздің мәртебесін одан әрі асқақтату мақсатындағы тәрбиелік мәні зор, патриоттық рух беретін мазмұнды, сырлы да сазды кеш болды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары, «Ғаламат» жобасының негізін қалаушылар – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, ақын Серік Рысбекұлы және Ақпарат саласының үздігі Айжан Серікқызы «Ғаламат» жобасы туралы әңгімеледі. Соның аясында ана тіліміздің мәртебесін асқақтату жолында қаншама мекеме қызметкерлері қатысқан білім ордалары мен жоғары оқу орындарында осындай кездесулер ұйымдастырылды. Жобаға қазақ халқының өмірімен біте қайнасып жатқан шешендік, сал-серілік өнер, ақын-жазу­шыларымыздың шығармаларын сахналап, көрініс арқылы жеткізу, мәнерлеп оқу дағдысы, актерлік шеберлік, айтыс өнері, ақындыққа баулу, қазақтың ән өнерінің ғажайыптығын орындап, жүрекке терең бойлату енгізілген. Бұл жоба алдағы уақытта тек Астана қаласы бойынша ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне, облыстар мен аудандарымыз бен ауыл-ауылдарда жүргізіле­ді деп жоспарлануда.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button