Қоғам

Республика күніне арналған флешмоб өтті

Астананың Сарыарқа ауданында Республика күніне орай кең ауқымды мерекелік флешмоб өтті. Іс-шараға ардагерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, түрлі сала қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мерекелік жиында аудан әкімі Нұрболат Бекетаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Құсайынова құттықтау сөз сөйлеп, Республика күнінің ел Тәуелсіздігі мен халық бірлігінің нышаны екенін атап өтті.
Мемлекеттік Әнұраннан кейін алаңды ән тербеді. Көрермен назарына патриоттық және халық әндері ұсынылды. «Туған елім», «Менің ақ қалам», «Матур баса», «Сүйел», «Басале» әндері шырқалып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сахна төрінде «Ялқын» және «Дуслык» ансамбльдері, сондай-ақ вальс, фокстрот және танго билерін орындаған «Денс» және «Шабыт» ардагерлер би ұжымдары өнер көрсетті.

Бағдарламаның қорытынды сәтінде Нұрболат Бекетаевтың сөзіне жазылған «Жайнай бер, жас Жаңа Қазақстан» әні орындалды. Қатысушылар көк туды көтеріп, әнді бірге орындап, елдің болашағына деген сенім мен патриоттық рухты білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button