Елорда тынысы

Құрылыс барысымен танысты

Қала әкімінің қатысуымен елорданың Үркер шағын ауданында құрылысы 3 жыл­ға созылған 900 оқушыға арналған орта мектепке тағы бардық.

Өткен жұмада Amanat партиясының партиялық бақылау департаменті басшысы Д.Бижұмановпен осы мәселені қарап, құрылыс үрдісіне сын айтылған еді.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс жағдайымен танысып, жаңа оқу жылында мектеп ашылуы керек деп мүдделі басшыларға талап қойды. Қалалық мәслихат депутаттарының да осы мәселеге алаңдауда екенін айтты. Құрылысты біз бақылауда ұстаймыз.

Үркерден кейін мәслихат депутаттары №1 кәріз-тазалау станциясына барып, мекеменің жұмысымен таныс­тық. Бұл станция «Астана су арнасы» мемлекеттік мекемесінің құрамына кіреді.

Осы станциядан жағымсыз иіс келеді деген соң, Үркер шағын ауданынан белсенділер де шақырылды. Мекеме 1964 жылы іске қосылған. Оның толық циклімен эколог таныс­тырды.

Келесі жылы станцияны модер­низациялау бойынша жоба жасалуда.

Депутаттар мен белсенділер өздерін толғандырған барлық сұраққа жауап алды. Біраз ұсыныстар да айтылды.

№2 кәріз-тазалау станциясына жолда Үлкен Талдыкөлге бұрылып соқтық. Бұл жерде құстар да баршылық екен. Су көлемі аздау. Жаңа станцияның құрылысы басталған. Нөл циклі жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл жоба 2028 жылы іске қосылады, ол қаланың 2035 жылға дейінгі қажеттілігін жабады. Бұл құрылыс қала үшін аса маңызды, сондықтан оған әлі сан келіп, қадағалап тұрамыз.

Елордалық мәслихат депутаттары қаланың бірқатар нысанының жөндеу жұмысымен танысты. Әуелі «Green line» бульвары құрылысын қарадық. 2,1 км нысанның биыл бірінші кезеңі, келесі жылы екінші кезеңі жасалады. Жоба заманауи екен, бұл маңда тоғандар да көзделген. Тұрғындардың сүйікті орындарының бірі болады деп жоспарланып отыр.

Жалпы «Green line» бульвары – сәулет, адам мен табиғат үйлесіп, үндесетін ірі жоба. Ол «Хан Шатыр» сауда орталығынан басталып, «Жағалау» ықшам ауданына дейінгі аумақты қамтиды. Аталмыш жобаға кіріспес бұрын жоба авторлары Нью-Йорк, Сингапур, Копенгаген сынды қалалардағы саябақ пен бульварлардың үлгісін салыстырған. Жөке, қарағаш, шегіршін, қарағай 3 шақырым жерге отырғызылады. Басты мақсат – аймақты абаттандыру ғана емес, тұрғындарға жайлы жағдай жасау.

Ботаникалық бақта да жөндеу жұмыстары жасалуда. Сапасы жайлы біршама ескерту айтылды. «Ұлытау» аллеясы жөндеуден кейін көркейген. Орталық мешіттің паркінде де жұмыс­тар жүруде.

Мердігер мен авторлық қадағалау­ға өз ұсыныстарымызды жеткіздік, сын-ескертпелер де айтылды.

Кендебай АДАМБЕК,

Астана қаласы

мәслихатының депутаты

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button