Құқықтық түсіндірме жүргізілді

«Заң және тәртіп» акциясын жүзеге асыру аясында Астана қаласы бойынша Бас прокуратураның тапсырмасымен барлық жоғары оқу орнында және колледждерде түсіндіру жұмыстары басталды.
«Esil University»-де өткен кездесуде студенттерге қылмыстық құқық бұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
– «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес, Астана қаласының барлық жоғары оқу орнында және колледждерде прокурорлардың қатысуымен профилактикалық, қылмыстық және басқа да тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара биыл ғана емес, келер жылы да жалғасын табады, – дейді Байқоңыр аудандық прокуратурасының аға бөлім прокуроры Ұлан Көпжанұлы.
Бұл бастама жастардың құқықтық мәдениетін көтеру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Ерасыл НҰРЛЫБЕКҰЛЫ



