Мәдениет

Қос қанатты ақын

Елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған «Шөмішбай Сариев – қос қанатты ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Басты мақсат – ақын шы­ғармаларындағы тағылымы мол ой-тұжырымдарды ұрпақ санасында жаңғырту, елдік пен ерлікті, Отан мен ұлт құндылықтарын арқау еткен ән-өлеңдерін және бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау. Кеш аясында ақын шығармашылығына арналған «Жырмен өрілген ғұмыр» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Онда қаламгердің кітаптары мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылды. Ал әдеби-сазды кешті филология ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижанов жүргізді.

Кеш қонақтары: журналист, әдебиеттанушы-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахманов, жазушы, абайтанушы, профессор Тұрсын Жұртбай, сондай-ақ ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанұлы, тағы басқа зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, ақын жайлы естеліктерімен бөлісті. Одан соң ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, жырлары оқылды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button