Ел тынысы

Қазақстанның әскери спорты жаңа деңгейге шығады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде әскери спортты дамыту мәселелеріне арналған маңызды кеңес өтті. Кездесуге ҚР Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) Президенті Нилтон Гомес Ролим Филью қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қорғаныс министрі кеңеске қатысушыларға әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатын дайындау және өткізу барысында көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

– Сіздердің жеке үлестеріңіз және осы іс-шараға ерекше назар аударуларыңыз халықаралық деңгейдегі жарысты сәтті өткізуге ықпал етті. Әртүрлі елдердің әскери спортшылары арасындағы спорттық және достық байланыстарды нығайтты, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық спорт түрлерін танымал етуге ықпал етті. Біздің өзара іс-қимылымыз спорттық әріптестікті одан әрі дамытуға және CISM-ге мүше елдер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, – деп атап өтті авация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі әлемдік аренада ұлттық спорт түрі – Қазақ күресін одан әрі дамыту болды. Кеңес барысында Қазақ ұлттық күресін 2027 жылғы әскери қызметшілер арасындағы ойындар бағдарламасына енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл спортты халықаралық деңгейде насихаттаудағы маңызды қадам.

Сонымен қатар, тараптар 2026 жылы Ресей Федерациясы аумағында қазақ күресінен келесі әлем чемпионатын өткізу туралы сұрақты талқылады. Бұл шешім қазақ күресіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді және әртүрлі елдердің әскери қызметшілері арасындағы спорттық және достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Қабылданған шешімдер ҚР Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық әскери спорт кеңесі арасындағы сенімнің жоғары деңгейін және табысты ынтымақтастықты куәландырады. Бұл халықаралық аренада Қазақстан Қарулы күштерінің имиджін нығайтуға елеулі үлес қоспақ.

Іс-шара соңында Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Мемлекет басшысының атынан қонақтарға армия спортын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, “Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін” медалін табыс етті. Өз кезегінде CISM Президенті Нилтон Гомес Ролим Филью кеңес мүшелерін армия спортының дамуына қосқан үлесі үшін “Спорт арқылы достық” орденімен марапаттады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button