Ел тынысы

Қазақстандық өнерпаздар «Славян базары» фестиваліне қатысады

2025 жылдың 10 маусымында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Отырыс барысында Аида Балаева мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жоспарлар туралы келісіп, бұл шаралар өзара байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесуде тараптар алдағы бірлескен іс-шараларды талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанда Беларусь мәдениетінің күндерін өткізу туралы бастама көтерілді. Аида Балаева бұл іс-шараның аясын кеңейтіп, дәстүрлі концерттер мен көрмелерден бөлек, шеберлік сабақтарын, шығармашылық кездесулерді, ғылыми конференцияларды және мәдениет саласындағы өзара байланыстардың өзге де түрлерін қамтуды ұсынды.

Сонымен қатар, «Лістапад» кинофестивалі аясында Қазақстан киносының күндері өтеді. Қазіргі уақытта іс-шараны өткізуге қатысты мәселелер мен көрсетілетін фильмдердің тізімі нақтылануда. Бұдан бөлек, 10–11 шілде күндері Витебск қаласында өтетін халықаралық «Славян базары» фестиваліне де қазақстандық өнерпаздар қатысады.

Кездесу соңында Аида Балаева Қазақстан тарапы екі елдің музей, театр мен архив қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ бірлескен киноөндіріс пен концерттік жобаларды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар бірлескен іс-шараларды үйлестіру мақсатында жұмыс тобын құруға уағдаласты. Кездесу қатысушыларының пікірінше, бұл бастамалар Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайта түспек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button