Қазақстанда көлік қызметтері нарығы 20,3% өсті

Президенттің транзиттік әлеуетті нығайту және инфрақұрылымдық даму жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде көлік саласы экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналды. Тау-кен металлургиясы, мұнай-газ және аграрлық секторлардың қажеттіліктерінің өсуі жүк тасымалының тұрақты оң серпінін қамтамасыз етті. Үкімет отырысында 11 ай ішінде саланы дамыту қорытындылары туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сала дамудың жоғары қарқынын көрсетуде. Оның айтуынша, көлік қызметтері нарығы 20,3%-ға өсті, жолаушылар ағыны 11,9%-ға артып, 1,76 млрд адамға жетті.
Өңірлердің бөлінісінде 154,1% өсіммен Астана қаласы көшбасшы болды, онда қойма қызметтері мен тасымалдау көлемі айтарлықтай өсті. Жоғары көрсеткіштер Жетісу (136,6%) және Қостанай облысында (133,8%) тіркелді.



