Денсаулық

Қазақстанда «Аналар саулығы» бағдарламасы әзірленді

Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 8 іс-шарадан тұратын «Аналар саулығы» бағдарламасын әзірледі. Учаскелік дәрігерлер оның денсаулығының индексін анықтау үшін фертилдік жастағы әрбір әйелді тексереді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.

Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін гравидаралды даярлық түрінде жүргізіледі.

Гравидаралды даярлық – денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды бала көтеруге, кейіннен жүктілікке және сау баланың тууына даярлауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдеу іс-шараларының кешені.

Елімізде әрбір әйел жас кезінен бастап уақытылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды.

ДСМ әйелдерді емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өтуге шақырады.

Бүгінгі таңда елімізде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы фертилдік жастағы әйел. Олар отбасында орталық рөл атқарады. Әйелдер денсаулығын сақтау және нығайту — біздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуымыздың негізі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button