Әлеумет

Қазақстан Оңтүстік-Қытай кітап жәрмеңкесіне қатысты

15 тамызда Гуанчжоу қаласында Оңтүстік- Қытай  кітап жәрмеңкесі-2025  аясында  Орталық Азия елдерінің павильонының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан және Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы бас консулы Валихан Сарсембеков қатысты.

Жәрмеңке шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігініңҚазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігініңсондай-ақ «Beijing Glize Cultural Media Co.,Ltd.» компаниясының қолдауымен Қазақстанның ұлттық павильоны таныстырылды.

Павильонда қазақстандық жетекші баспалардың басылымдарықытай әдеби шығармаларының қазақ тілінежәне қазақстандық авторлардың шығармаларының қытай тіліне аудармаларысондай-ақ Қазақстанның сауда-экономикалық және туристік әлеуеті туралы ақпараттық материалдар ұсынылды.

Экспозиция қытайлық көрермендердің зор қызығушылығын тудырды.

Жәрмеңке аясында «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай» және «Абай. Өлеңдер мен поэмалар» атты жаңа басылымдардың тұсаукесері өтті.

Бұл еңбектер ұлы ақын мұрасын кең оқырман қауымға насихаттауға бағытталған. Іс-шараға Гуандун провинциясы насихат департаментінің өкілдері қатысты

Оңтүстік-Қытай кітап жәрмеңкесі 15-19 тамыз аралығында өтудеЖәрмеңкеге Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам, Германия, Мысыр, Катар, Қырғызстан, Малайзия, НидерландӨзбекстан, Польша, Сингапур, Таиланд және Франция елдерінің баспалары мен мәдени ұйымдары қатысуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button