Ел тынысы

Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Қытайға сапары аясында Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Сұхбаттастар елдер арасындағы саяси диалогтың оң серпінін атап өтті. Ерекше назар Қазақстан мен Қытай көшбасшылары арасындағы кездесулер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлердегі алдағы іс-шаралар кестесіне аударылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button