Ел тынысы

Қалдықтарды одан әрі жарату бойынша ұлттық тұжырымдама әзірленді

Астанада Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) елдің экологиялық саясатының негізгі бағыттары және қалдықтарды басқару саласындағы жүйелі реформалар туралы ашық диалог өткізді. Іс-шараға республикалық және салалық БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесудің басты тақырыбы қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасы бойынша жұмыс болды, оны іске асыру қалдықтармен жұмыс істеудің заманауи, тұрақты және технологиялық моделіне көшуіндегі маңызды қадамы ретінде қарастырылады.

Igtic Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов журналистердің барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, құжатты әзірлеу тәсілдерін, сала үшін күтілетін өзгерістерді, сондай-ақ Экология министрлігі мен Орталықтың атқаратын рөлдерін түсіндірді. Ол аталған тұжырымдама қайта өңдеу тиімділігін арттыру, полигондарда қалдықтарды көму көлемін азайту, ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізу және жасыл жобаларға инвестициялар тарту үшін стратегиялық негіз болатынын жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның климаттық саясат саласындағы күш-жігеріне, халықаралық ынтымақтастыққа және елді жаһандық экологиялық сын-қатерлерге дайындаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Igtic өкілдері Қазақстан климаттық амбицияларды дәйекті түрде күшейтіп, төмен көміртекті даму жобаларын дамыта отырып, халықаралық қорлармен және сараптамалық ұйымдармен әріптестікті кеңейтетінін атап өтті.

Журналистерге IGTIC базасында жұмыс істейтін Ең үздік қолжетімді технологиялар бюросының (ЕҚТБ) жұмысы таныстырылды. Орталық командасы ЕҚТ анықтамалықтарын әзірлеу және өзектендіру барысы, өнеркәсіптік кәсіпорындарды әдіснамалық қолдау және бюроның таза және ресурс үнемдеуші технологияларға көшудің салалық үйлестірушісі ретіндегі рөлі туралы айтып берді.

Орталық өкілдері құрылыс саласында экологиялық технологияларды енгізудің сәтті кейстерінің бірі — «Мұрат Бетон» жобасының жеңісі туралы айтып өтті. Бұл жоба өңірлік бизнес пен экологиялық бастамаларға қатысушылар үшін үлгі бола отырып, қайталама материалдарды пайдалануға және ресурс үнемдейтін шешімдерді енгізуге арналған тиімді тәсілдің айғағы болды.

Журналистерге халықаралық серіктестіктер туралы жаңартылған ақпарат берілді. 2025 жылғы 11 қарашада Орталық ҚХР-дағы ірі компаниядан қоршаған орта мониторингіне арналған жабдықтар өндірісін оқшаулау және Қазгидрометпен және ЭРБК-мен ынтымақтастықта пилоттық шешімдерді іске қосуды қоса алғанда,  Қазақстанның жасыл жобаларына 3 млн АҚШ долларын инвестициялауға дайын екендігі туралы ресми ниет хат алды.

Сондай-ақ журналистерге инновацияларды қолдау саласындағы жаңалықтар, оның ішінде Орталық 2022 жылдан бастап жүргізіп келе жатқан және 2025 жылдың қорытындысы бойынша 68 технология мен жобаны қамтитын Жасыл технологиялар тізілімін дамыту ұсынылды. Қазіргі уақытта тізілімнен ел экономикасына жобаларды енгізу үшін ынталандыру шаралары әзірленіп жатыр. Олардың тізіміне гранттық қаржыландыру, жеңілдетілген несиелеу, жасыл облигациялар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді ішінара субсидиялау, сондай-ақ кәдеге жарату алымы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсері үшін төлем есебінен тұрақты қаржыландыруды тарту кіреді. Бұл құралдар жасыл технологияларды кеңейту және инвестициялар тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

БАҚ өкілдері Орталықтың ашықтығын, ақпараттың қолжетімділігін және спикерлердің жоғары деңгейдегі даярлығын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button