Қала прокурорлары коммуналдық сала қызметкерлерімен профилактикалық кездесу өткізді

Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері «Заң және тәртіп« қағидаты шеңберінде «Астана Тазалық« коммуналдық кәсіпорнының өкілдерімен интерент-алаяқтықтың алдын алу және есірткі қылмысын анықтау мен жолын кесу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға 80-нен астам коммуналдық қызметкерлер қатысты. Прокурорлар интернет—алаяқтықтың кең таралған схемалары, дербес деректерді қорғау және ақша қаражатын сақтау тәсілдері туралы түсіндірді. Кәсіпорын қызметкерлеріне өздерінің жеке мәліметтерін немесе қаржылық мәліметтерін бейтаныс адамдарға бермеуге, күдікті сілтемелер немесе әлеуметтік желілердегі салымдар бойынша өтпеуге, сатушы сенімсіз болған кезде тауарлар мен қызметтерге ақы төлемеуге және олардың банктік шоттарын үнемі тексеріп отыру қажеттілігі туралы кеңес беріледі.

Кездесу барысында сондай – ақ есірткі қылмысын анықтау кезінде коммуналдық қызметтердің өзара іс-қимылы, олардың ықтимал таралу және жарнама орындарын, яғни қаланың қараусыз қалған ғимараттары, саябақтары мен шалғай көшелерін бақылауды күшейту жолымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бұдан басқа «Астана Тазалық« қызметкерлеріне «Egov.kz» электрондық үкіметтің қосымшалары арқылы, оның ішінде «Kaspi.kz» бойынша «Заң және тәртіп «мемлекеттік қызметімен полицияға өтініш беру тәсілдері айқын көрсетілді.
Кездесуге қатысушылар есірткі қылмысы мәселесін шешуде кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.



