Мәслихат

Проблемалық құрылыс нысандарын аяқтау жөніндегі іс-шаралар талқыланды

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы тұрғын үй қорын жаңарту және елордада проблемалық құрылыс нысандарын аяқтау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелеріне арналды. Соның шеңберінде екі серіктестік, яғни «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС және «Елорда даму» ЖШС қызметі тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындысы қаралды. Жиынға мәслихат депутаттары, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының басшылары, аудит объектілерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №1225 қаулысымен бекітілген Астана қаласының авариялық тұрғын үйлерін реновациялау және модернизациялау бағдарламасы шеңберінде апатты тұрғын үй қорын бұзу жобасын іске асыру барысында 2020-2024 жылдар аралығында «Елорда Даму» ЖШС арқылы жалпы ауданы  159 239,7 ш.м 11 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 3 428 пәтер, тағы да жалпы ауданы 35 843 ш. м 870 пәтер Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтеусіз өтті.
Астана қаласында тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтауды қаржыландыру тетігін іске асыру мақсатында әкімдіктің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 178-118 қаулысымен «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС құрылды. Оның негізгі мақсаты — проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау жұмыстарын ұйымдастыру және жаңа тұрғын үй кешендерін салу. 2018 — 2024 жылдар аралығында компания 16 062 үлескерді тұрғын үймен қамтамасыз ете отырып, 45 көппәтерлі тұрғын үй кешенін пайдалануға берген.
       -Екі фирма да жалпы қойылған міндетті орындады. Сондықтан 2026 жылдың ортасына дейін бұлардың болашағын айқындау керек. Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржы құйылды. Соларды қайтару жағдайы және мөлшерін сұрадым. Биыл жергілікті бюджетке 7 млрд шамасы қайтады. Біршамасы қайта қарауға, яғни реструктуризацияға түсті. Бүгінгі отырыстың қорытындысы бойынша қала және мәслихат басшылығына арнаулы қаулы енгізіледі. Орындалуын депутаттар қадағалау мен бақылауға міндетті түрде алады, — деді мәслихат депутаты Кендебай Адамбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button