2025-2026 оқу жылы қарсаңында еліміздің жоғары оқу орындары инфрақұрылымды жақсартуда. ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша, қазір заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Мұндай жатақханалар Астана, Алматы, Петропавл қалаларында пайдалануға берілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, жаз айларында жоғары оқу орындарының 58 нысаны күрделі жөндеуден, 560-тан астам нысан ағымдағы жөндеуден өткізілді. Оқу ғимараттары мен жатақханаларда бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл түймелері, өртке қарсы құралдар орналастырылған.
«Жалпы, жоғары оқу орындары жаңа оқу жылын бастауға дайын», - деді вице-министр.