Жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп алдаған

Жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп алдаған

16 азаматты алдаған елорда тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа   азаматтар ақша аударған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.

Мәселен, өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады.